В.Ремишевскийдің айтуынша, Ресей мен Қазақстанның ғылыми эксперименталдық -өнеркәсіптік базасын пайдалану арқылы бірлескен жобаларды жасап жүзеге асыру, өзара ғылыми-техникалық ақпараттар мен сынақ мәліметтерімен алмасу, ғылымның, техника мен технологияның түрлі салалары бойынша конструкторлық жұмыстардың нәтижесімен бөлісу, ғарыштық аппараттар мен аспаптарды бірлесе жобалап өндіру де екі ел арасындағы басымдық берілген ынтымақтастық формасына айнала алады.
«Роскосмос» өкілінің айтуынша, «ғарыштық техникалық бұйымдардың сенімділігі, қауіпсіздігі мен сапалылығын, оларлың өзара үйлесімділігін, сондай-ақ, бірлескен ғарыштық жобаларды нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету үшін ғарыштық іс-қызметті жүзеге асыруда қолданылатын нормативтік құжаттардың нақты тізімін жасау қажет».
Сөз соңында В.Ремишевский қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасында бірлескен ғарыштық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар толық жасалғанын атап өтті.