Мәжіліс азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы Грузиямен келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы Грузиямен келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы Грузиямен келісімді бекітуді мақұлдады

Кеше, 16-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Грузия мен Қазақстан арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісім мен 1996-жылдың 17-қыркүйегінде қол қойылған Грузия мен Қазақстан арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімге қосымша хаттаманы бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Қараша 2005
  • 516
Фото - Caravan.kz

«Келісімге қол қою құқықтық қатынастар саласындағы ынтымақтастықты дамыту, екі мемлекеттің егемендігін өзара құрметтеу негізінде азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету мақсатын көздейді»,- деді заң жобасын таныстырған ҚР әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосынов.

С.Бекбосыновтың айтуынша, «құқықтық қатынастар аясын кеңейту үшін процессуалдық әрекеттерді іске асыру, құжаттарды жолдау және табыс ету, айғақзаттарды өткеріп беру, іс материалдарын жолдау, сот шешімдерін мойындау және оны атқару, шағымдарды қарау, сотталған адамдар туралы мәліметтер беру, адамдарды іздестіру, шұғыл іздестіру шараларын өткізу, қылмыс жасаған адамдарды өткеріп беру тәрізді бағыттарды ынтымақтастық орнатылады».
Келісімге 1996-жылдың 17-қыркүйегінде Тбилисиде қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта