Шымкентте тәртіп сақшысының автокөлігі екі адамды қағып өлтірді. Тергеушілер тізгінде кім отырғанын анықтау үстінде - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте тәртіп сақшысының автокөлігі  екі адамды қағып өлтірді. Тергеушілер тізгінде кім отырғанын анықтау үстінде

Шымкентте тәртіп сақшысының автокөлігі екі адамды қағып өлтірді. Тергеушілер тізгінде кім отырғанын анықтау үстінде

Шымкентте көші-қон полициясы қызметкерінің автокөлігі екі адамды қағып кету салдарынан олар мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қараша 2005
  • 332
Фото - Caravan.kz

15-қараша күні кешкісін «Мерседес» маркалы автокөлігі жолдың жиегінде келе жатқан 40 және 35 жастағы ерлі-зайыпты жұпты қағып кетті. Екі жүргінші де оқиға орнында мерт болған. Қайғылы оқиға жол полициясының «Қайтпас» кезекші- күзет бөлімшесіне таяу жерде болған.

Жол апаты орнына келген тәртіп сақшылары автокөлікте көші-қон полициясының 43 жастағы майоры- көліктің иесі мен оның інісі отырғанын анықтап білген. Бастапқыда көлікті қожайыны айдап келеь жатқан танылған болатын. Алайда, ертеңінде тәртіп сақшыларына жауап берген майордың інісі көлікті айдап келе жатып адамдарды қағып кеткен өзі екенін мойындаған.
Қазір Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметі көлік тізгінінде шын мәнінде кім отырғанын анықтау үстінде.
Қаза тапқан отбасылық жұптың 4 баласы жетім қалды.

Перейти к новостям спорта