Приозерск қаласындағы жарылыс орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Приозерск қаласындағы жарылыс орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды

Приозерск қаласындағы жарылыс орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды

Приозерск қаласындағы жарылыс орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қараша 2005
  • 366
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-қарашада 16 сағат 50 минутта Қарағанды облысындағы Приозерск қаласындағы бір пәтерде газ баллонының жарылуы салдарынан РФ азаматтары болып табылатын бір адам қаза тауып, екі жасөспірім жараланды. Жарылыс РФ қорғаныс министрлігінің № 03080 әскери бөлімшесінің балансындағы үйдің 4-қабатында болған. Жарылыс салдарынан 4-қабаттағы 3 пәтердің қабырғалары, едендері мен төбелері жарым-жартылай бүлініп, тұтана бастаған. Нақтыланған деректерге сәйкес, төрт пәтер жартылай, ал бес пәтер толық бүлінген.

Үйінді астынан 65 жастағы үй тұрғынының мәйіті мен 13 жастағы екі жасөспірім табылып, олар ауруханаға жатқызылды.
Артынан тағы бір пәтердің әйел тұрғыны құтқарушыларға күйеуінің жоғалғанын хабарлады.
Сәрсенбіде 31 жастағы жігіттің мәйіті үйінді астынын алынды. Іздестіру шаралары аяқталды.
Төтенше жағдайдың салдарын жоюға ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметі, сондай-ақ, 100-дей адам мен 12 техника жұмылдырылды.

Перейти к новостям спорта