Мәжіліс күзет қызметі туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс күзет қызметі туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс күзет қызметі туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Кеше, 16-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Күзет қызметі туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Қараша 2005
  • 645
Фото - Caravan.kz

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Қожамұрат Өскенбаевтың түсініктемесіне сәйкес, Қазақстан қарулы күштерінің қатарында мерзімді әскери борышын өтеу мерзімі бір жылға қысқартылуына байланысты заңға күзетшілердің жасына қойылатын шектеуді 21-ден 20-ға дейін азайту жөнінде өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.

Сонымен бірге күзет қызметінің лицензия берілетін түрлерінің тізімінен «күзет тәсілдері және заңсыз озбырлық әрекеттерден заңды қорғану тәсілдері жайында нұсқаулар дайындау және ақыл-кеңестер беру» қызметін алып тастау ұсынылған. Ал күзет және өрт дабылы құралдары мен өртке қарсы автоматикалық жабдықтарды жобалау, құрастыру, орнату және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын күзет қызметінің бір түріне жатқызу ұсынылуда.
Заң жобасы сенаттың талқысына жіберілді.

Перейти к новостям спорта