Мемлекет басшысы Украинаға ресмми сапары аясында Днепродзержинск металлургия комбинатында болды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Украинаға ресмми сапары аясында Днепродзержинск металлургия комбинатында болды

Мемлекет басшысы Украинаға ресмми сапары аясында Днепродзержинск металлургия комбинатында болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украниаға ресми сапары аясында 17-қарашада Днепродзержинск металлургия комбинатында болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Қараша 2005
  • 466
Фото - Caravan.kz

«Металлург кәсібіне ең алғашқы қадамдарымды жасаған сіздердің кәсіпорындарыңызда болу мені ерекше қуаныш сезіміне бөлейді. Осы уақыт аралығында мұнда көп нәрсе өзгерді. Сіздердің өткен жылдардағы экономикалық құлдырауды еңсеріп, жұмыс ырғағын жандандыра алғандарыңызға қуаныштымын. Әлбетте, барлық осы жетістіктердің түп негізінде — сіздердің қажырлы еңбектеріңіз жатыр. Ал металлург еңбегінің қандай болатынын мен біреуден естуім арқылы емес, өз тәжірибем бойынша білемін», — дедімМемлекет басшысы комбинат ұжымының алдында сөйлеген сөзінде.

Президент кеншілерге қазақстандық индустриялық-инновациялық даму стратегиясының негізгі бағыттары мен еліміздің металлургиялық өнеркәсібінің жай-күйі, Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастығының болашағы жөнінде әңгімелеп берді.
«Біз сіздерге нәтижелі реформалар тілейміз. Бірақ жетістік, әсіресе келелі ел құрылысы жолында жылдам келе қоймайды, ол тек үлкен еңбектің, төзімділік пен даналықтың нәтижесі болып табылатынын әрқашан да есте сақтау керек», — деді Қазақстан президенті.

Перейти к новостям спорта