Батыс Қазақстан облысында өзеннің түбінен 22 жәшік калашников автоматының оқтары табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында өзеннің түбінен  22 жәшік калашников автоматының оқтары табылды

Батыс Қазақстан облысында өзеннің түбінен 22 жәшік калашников автоматының оқтары табылды

Батыс Қазақстан облысында Шаған өзенінің түбінен калашников автоматының 22 жәшік оғы табылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қараша 2005
  • 378
Фото - Caravan.kz

Оқтарды Зеленовский ауданының Новенькое ауылындағы орта мектеп оқушылары тауып алған. Артынан өзеннің терең тұсында жатқан тағы 6 жәшік оқ шықты.

Полиция ақпаратына сәйкес, 5,45 мм-лік оқтар Калашников автоматына арналған. Оқтардың дәрісі жоқ болып шықты. Жалпы алғанда Шаған өзенінің түбінен 1991-жылы жасалған 21 507 оқ табылды.
Қазір тәртіп сақшылары оқтардың қайдан әкелінгенін және оның елді мекеннің іргесіндегі өзеннің түбіне қалай түскенін анықтап жатыр.

Перейти к новостям спорта