Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуде мұнай тасымалдау және газ саласы бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Грузия үкімет басшысы 18-қарашада елімізге ресми сапармен келеді. ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, бүгін З.Ногаидели мен республика үкімет басшысы Даниал Ахметов бетпе-бет жүздеседі.
Ал 19-қарашада З.Ногаидели президент Нұрсұлтан Назарбаевпен және парламент сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен кездеседі.