Қазақстанда мұнайхимиялық 8 -10 кешен құру жөнінде бас жоспар мен жол карталары жасалды - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мұнайхимиялық 8 -10  кешен құру жөнінде бас жоспар мен жол карталары жасалды -  үкімет басшысы

Қазақстанда мұнайхимиялық 8 -10 кешен құру жөнінде бас жоспар мен жол карталары жасалды - үкімет басшысы

Қазақстанда 2015-жылға дейін мұнайхимиялық 8 -10 кешен құру жөнінде бас жоспар мен жол карталары жасалды. Бұл туралы бүгін, 21-қарашада үкіметтің кеңейтілген отырысында республика үкімет басшысы Даниал Ахметов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қараша 2005
  • 413
Фото - Caravan.kz

Д.Ахметовтың айтуынша, 2006-жылы Қазақстанда мұнайхимиясы саласына инвестиция салуға «бір терезе» принципін енгізу, отандық мұнайхмиясы саласын әлемдік нарыққа шығару үшін ақпараттық тұсаукесер шараларын ұйымдастыру, мұнайхимиясы кешенін құру және оны интеграциялаудың жан-жақты негіздемесін жасау межеленіп отыр.

Бұған қоса 2006-жылы Атырау облысында арнаулы экономикалық аймақ пен ұлттық индустриялық мұнайхимиясы саябағын құру жоспарланған.
Сонымен бірге Д.Ахметовтың айтуынша, «3,5 млрд. доллар көлемінде инвестиция жұмсап, Каспийде газ-химиялық кешен құру жобасын жасау үшін «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ мен «ЛУКОЙЛ» ААҚ» бірлесіп топ құрды».
«2 млн. тонна мұнайхимиялық өнімдер шығаратын өндірістер құру нәтижесінде елімізге 1 млрд. доллар көлемінде кіріс кіреді»,- деді Д.Ахметов.

Перейти к новостям спорта