«Ең алдымен барлық негізгі коммуникациялық темір жол және автожол дәліздерін, сондай-ақ, көлік түрлері мен жүк өңдеу арасындағы технологиялық ықпалдастықты қамтамасыз ететін транспорттық-логистикалық тораптарды қалыптастыру қажет. Екіншіден, көлік қызметі рыногын дамытып, жүк транзиті мен тасымалы барысындағы әкімшілік-процедуралық кедергілерді жою қажет. Үшіншіден қызмет сапасының халықаралық стандарттарын енгізу керек»,- деді президент.
«Біз Қазақстанның транспорттық кешенін Еуразиялық көлік жүйесіне интеграциялап, транспорттық дәлідердің сыртқы нарыққа шығатын ендік-меридиандық жүйесін құруға тиіспіз»,- деді Н.Назарбаев. «Бұған қоса біз сыртқы рынокқа шығатын басты қақпаларымыз — Ақтау теңіз айлағы мен «Достық» бекетін заманауи жаңалап, Астана және Алматы қалаларындағы транпорттық жүйлерді «тораптық» принципке сәйкес қалыптастыруымыз қажет»,- деді мемлекет басшысы.