«Тұрғын үй бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға инженерлік-коммуникациялық магистральдық желілер тартылған жер учаскелерінің тапшылығы қолбайлау болып отыр»,- деді президент. «Осыған байланысты мен нақты сұранысқа байланысты үкіметке қаржының бір бөлігін басқа мақсатта жұмсау туралы тапсырма бердім»,- деді Н.Назарбаев.
«Біз ағымдағы жылға межеленген тұрғын үй құрылысын салу көлемін 3 млн. шаршы метрге асыра орындадық. Бұл былтырғыдан 1,5 есе артық»,- деді президент. Ел көлемінде 30 мың пәтер пайдалануға берілді. «Бұл — ТМД елдері арасындағы ең жоғары қарқын»,- деді президент.
«Ел тұрғындарының басым бөлігі баспаналы болатындай жағдай жасау қажет. Ол үшін біз бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтердік. Бұл өсім ел экономикасы мен жеке меншік сектордағы еңбекақы өсімімен парапар»,- деді президент.
Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 10 айында еліміздегі жалпы құрылыс жұмыстарының ауқымы 587 млрд. теңгені құрап, былтырғыдан 40 процентке артты.
Бүгінде құрылыс саласында 409 мың адам еңбек етуде.