Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингтік компания 2006-жылдың алғашқы жартысына дейін құрылуға тиіс - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингтік компания 2006-жылдың алғашқы жартысына дейін құрылуға тиіс - президент

Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингтік компания 2006-жылдың алғашқы жартысына дейін құрылуға тиіс - президент

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымдауынша, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингтік компания 2006-жылдың алғашқы жартысына дейін құрылуға тиіс. Бүгін, 21-қарашада үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қараша 2005
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Біз алдағы жылдың бірінші жартысында холдингтік компанияның құрылғаны жайлы хабарлауға тиіспіз»,- деді ол.

Президенттің пайымдауынша, «холдингті басқару үшін шетелдік жалдамалы менеджерді жұмысқа тарту керек». «Бұл — инфрақұрылымдық компания бола ма, әлде, барлық алты компания да оған біріге ме деген тұрғыда әлі де ойлану қажет»,- деді Н.Назарбаев.
Сонымен бірге президенттің пайымдауынша, холдингтік компанияда президенттің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі секілді инвесторлар кеңесі болуға тиіс.
«Бұл компаниялардың барлық акцияларының қоржыны мен Қазақстанның еліміздегі басқа компаниялардан иемденген акцияларының қоржыны жаппай сонда болуы қажет. Оның жұмысы мейлінше ашық болуға тиіс»,- деді Н.Назарбаев.
Президент өзіне аталмыш холдингтік компанияны құруға қатысты «түрлі әңгімелерден хабардар» екенін жеткізді. «Олай-бұлай бұлтақтап бүркемелегенді қояйық. Бұл жерде үлкен мүдде жатқанын әрине, түсінемін. Ешкім де оған барғысы келмейтінін мен де білемін. Бірақ біз ондай қадамға қайткенде баруға тиіспіз дегенге сіздерді сендіргім келеді. Қарсылық білдіремін деп қайықтың сыртында қалып жүрмеңіздер»,- деп ескертті президент.

Перейти к новостям спорта