«Каспий теңізінде өзара ынтымақтастыққа аса қолайлы жағдайлар жасау керек. Ол мемлекеттердің қауіпсіздігіне қандай түрде болмасын қатер төндіруге немесе бейбітшілікке нұқсан келтіруге жол бермеуге тиіс»,- деді Қ.Тоқаев.
«Аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған біздің әрекеттеріміз халықаралық мақсат-мүддемен тығыз сабақтасуға тиіс. Осыған байланысты біз күш біріктіре отырып, Каспийдегі тұрақтылық пактісі түріндегі саяси құжаттың жобасын жасап, қабылдауды ұсынамыз. Онда лаңкестікпен, есірткі және қару-жарақтың заңсыз айналымымен, заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастық бағыттары қарастыруы қажет»,- деді ол.
Қазақстан сыртқы істер министрі бұл құжатты «Каспий бестігі» мемлекет басшыларының екінші саммиті барысында қарауға ұсынуға болар еді», деп атап өтті.