«Соңғы рет үкіметтің кепілдігімен осыдан екі жыл бұрын Қазпошта үшін несие тартылды»,- деді вице-министр. Оның айтуынша, биыл энергетика саласындағы нысандарды салу үшін (Мойнақ Су электр станциясы мен солтүстік-оңтүстік электр жалғастыру желісін) үкіметтің кепілдігімен екі несие алынады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыдан шығысқа қарай 150 шақырым жердегі Шарын өзенінің бойындағы Мойнақ Су электр станциясы 1985-жылы салына бастаған. Алайда қаржыландыру жұмыстарының тоқталыуына байланысты 1992-жылы жұмыс аяқсыз қалды. Ал 2005-жылдың басында үкіметтің «Қазақстан Республикасында су энергетикасын дамытуға бағытталған қосымша шаралар жөніндегі» қаулысын жүзеге асыру шараларының аясында су электр станциясының құрылысын қайтадан жаңғыртуға шешім қабылданды. Болашақ су элктр станциясының қуаты 250 мегаватт болмақ.