Павлодар облысында жанармай құйылған цистернаның жарылуы салдарынан бір адам опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында жанармай құйылған цистернаның  жарылуы салдарынан бір адам опат болды

Павлодар облысында жанармай құйылған цистернаның жарылуы салдарынан бір адам опат болды

Павлодар облысындағы бір ауылда жанармай құйылған цистернаның жарылуы салдарынан бір адам опат болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ішкі істер департаментінен хабарлады.

  • 22 Қараша 2005
  • 402
Фото - Caravan.kz

Жанармай құйылған цистерна Шарбақты ауданы Александровка ауылындағы жанармай тарату станциясының жанында жарылған. Жарылыс кезінде жанармай тарату бекетінде 50 жастағы меңгеруші болған. Ол жарылыс салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, жарылысқа нысандағы қауіпсіздік талаптарын бұзу себепкер болған.