Елбасы аймақаралық "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" электр торабы құрылысының алғашқы тасын қалау рәсіміне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы  аймақаралық "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы"  электр торабы   құрылысының алғашқы тасын қалау рәсіміне қатысты

Елбасы аймақаралық "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" электр торабы құрылысының алғашқы тасын қалау рәсіміне қатысты

АҚТӨБЕ. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына жасаған екі күндік жұмыс сапары барысында аймақаралық "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" электр торабы құрылысының алғашқы тасын қалау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2006
  • 649
Фото - Caravan.kz

«Сіздердің аймақтарыңызға сапармен келген сайын мен алға қарай ілгерілеуді байқаймын. Облыс экономикасы артып , жаңа өндірістнер мен жұмыс орындары пайда болып жатыр, ақтөбеліктердің тұрмыс деңгейі өсуде»,-деп мәлімдеді президент.

Н.Назарбаевтың айтуынша, 2006 жылы Ақтөбе облысында болашағы зор 30 жоба жүзеге асырылады, оның ішінде бір қатар жоғары технологиялық жобалар бар. «Сондықтанда , өндіріс орындарын электр энергиямен қамтамасыз ету мәселесі өте маңызды»,-деді Елбасы.

«Аталған электр тарату торабын іске қосатын болсақ ,облыс тұтынушыларына Ақсу және Екібастұз ГРЭС-нан арзан электр энергиясын тарату мүмкіндігі туады, бұл жарық бағасын 10-15% төмендетуге жол ашады»,-деп атап өтті мемлекет басшысы.

Қазіргі кезде Ақтөбе облысы аймағында орналасқан энергия тарату көздерінің қуаттылығы 293,1 МВт құрайды. Ақтөбе энергетикалық торабы республиканың электр желісімен байланысы жоқ, сондықтанда жетіспеген электр энергияны

(шамамен 130 МВт) Ресейден тартуға мәжбүр. Облыс аумағында стартегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды 2010 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланғандықтан электрэнергия дефициты тағы 350 МВт өседі деп күтілуде.

Бұл мәселені шешу мақсатында ҚР Біртұтас Электр энергия жүйесі аясында Ақтөбе облысында 2006 жылдан бастап «Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» аймақаралық электр тарату желісін салу жобасын жүзеге асыру жұмысы басталды».

«KEGOC» АҚ жобаның 60 млн. теңге тұратын техникалық экономикалық негізін жасады. Сондай -ақ «Батыс транзит» концессионер компаниясы құрылды(80 % жарналық қоры «Мехэнерготрой»АҚ, 20% «KEGOC» АҚ тиесілі), ол аталған желі құрылысын жүргізіп, іске қосатын болады.

Жол таңдау және жобалық, инженерлік іздестіру жұмыстарының мердігері «Энергостройпроект» ЖШС .

Желінің ұзындығы 500 шықырым, қуаттылығы сағатына 300-400 МВт. Жоба бойынша, құрылыс 2008 жылы аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта