Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті басшылығының жауапкершілігі аясы келесі аптада анықталады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті басшылығының жауапкершілігі аясы келесі аптада анықталады

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті басшылығының жауапкершілігі аясы келесі аптада анықталады

ШЫМКЕНТ. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Нұрсұлу Тасмағамбетованың медициналық мекемелерде балалардың ВИЧ індетін жұқтырғаны үшін жүктейтін жауапкершілігі аясы келесі аптада анықталады, деп хабарлады бүгін еліміздің денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев.

  • 8 Қыркүйек 2006
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Біз облыс әкімімен бірлесіп барлық мәселені талқыладық. Келесі аптада ол тиісті шешім қабылдайды деп ойлаймын»,- деді кеше Шымкентке келген Е.Досаев әкімшілікте өткен кеңестен кейін журналистер сауалына берген өз жауабында.

«Біз бүгін облыс әкімі шешетін және министрлік шешетін мәселелерді тыңдап талқыладық. Мәселенің бір бөлігін біз үкіметтік деңгейге алып шығатын шығармыз. Үкімет келесі аптада оларға қатысты шешім қабылдауға тиіс»,- деді министр.

Е.Досаев бүгін облыста қалыптасқан ахуалға қатысты әкіммен ортақ пікірге келгенін жеткізді. «Бүгін министрлік пен әкімнің пікірі бір жерден шықты-ау ақыры. Әкім де, мен де кездесіп отырған деректерді растадық. Біз күш біріктіре отырып мәселені шешуге және алдағы уақытта ондайға жол бермеуге бел будық»,- деді ол.

Денсаулық сақтау министрі Оңтүстік Қазақстан облысында балалар арасында ВИЧ індетінің белең алуы «атқаратын функциялық міндетін тікелей бұзуға байланысты» екенін ерекше атады. Жылына 1 мыңдай трансфузия өткізілетініне қарамастан, қазіргі жағдаймен иелігінде небәрі 12 катетері ғана бар облыстық балалар ауруханасында болған сапардан кейін бұған толық көзім жетті, деді министр. «Бұл деңгейде қаржыландыруға қатысты ешбір тауқымет жоқ. Әрине, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында біз қымбат жабдықтар сатып алу тұрғысында кейбір жұмыстарды атқара алмағанымыз шындық. Әйтсе де алашқы қауіпсіздік және бір мәрте қолданылатын аспаптарға қатысты мәселе тіпті талқыланбауға тиіс. Катетерлерді көп мәрте пайдалану деректері — функциялық міндеттерін тікелей бұзуға жатады»,- деді Е.Досаев.

Дегенмен, ауруханалардағы медициналық қызметкерлердің жауапкершілігі мәселесіне тоқталған министр былай деді: «жекелеген дәрігерлер мен басшыларды жұмыстан шығару — қазір басты мәселе емес. Біздің алдымызда жүйелі мәселелер тұр: біз қауіпсіздік жүйесін ұйымдастырып, аурухана және басқа да қызметтерді жолға қоюға тиіспіз».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта