ҚР ҰҚК-нің хабарлауынша, шілде айында Қызылорда облысында «Құмкөл» кенішіне таяу жерде орналасқан 18 шағын зауыттың заңсыз іс-қызметіне тосқауыл қойылған болатын. Тексеру барысында заңсыз мұнай өңдеуге қатысы бар адамдардың облыстық ІІД-нің бір қызметкеріне қанатының астына алып қорғағаны үшін тұрақты ақша беріп отыру дерегінің беті ашылды. Бұл қызметкер 27-шілдеде ішкі істер мекемесінен өз бетімен жұмыстан шығып кеткен.
Қазір күдікті қылмыстық тексеру мекемелерінен жасырынып жүр. Қызылорда облыстық ҰҚКД күдіктіге іздеу жариялады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті