Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, республика үкіметі Ақтау айлағында жеміс-көкөніс терминалы құрылысын салу жөніндегі әзербайжандық кәсіпкерлердің бастамасын қолдаған. Ақтау теңіз айлағының аумағында нәтижесінде 3 мың тоннаға дейін жеміс-көкөніс пен ет өнімдерін бір уақытта сақтау көзделуде.
Сапар барысында министр теңіз айлағындағы астық терминалын аралап, минералдық тыңайтқыштар өндіретін «ҚазАзот» химиялық кешенінде болды. А.Есімов Маңғыстауға ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының өкілдерімен кездесті.
А.Есімов сонымен бірге ауылшаруашылығын дамыту және Маңғыстау өңірінің ауылдық аумақтарын дамыту мәселесіне арналған ауылшаруашылығы қызметкерлерінің облыстық активіне қатысты.
Онда баяндама жасаған облыс әкімі еліміздің ауылшаруашылығы министріне ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуші өндірістерді дамытуға байланысты «Қазагрофинанс» АҚ-ның филиалын ашу жөнінде ұсыныс жасады.
Облыс әкімі, сондай-ақ, еліміздің ауылшаруашылығы министріне облыста балық шаруашылығының дамуына байланысты балық шаруашылығының ережелері мен шекаралық режимді өзгерту, сондай-ақ, балқ шаруашылығын ауылшаруашылығы өндірісімен теңестіру, ғылыми орталық құру жөнінде ұсыныс жасады.
Сапардың екінші күні министр Жаңаөзен қаласындағы оралмандарға бөлінген егіншілік жер телімдерін аралады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті