Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен "Алға" халықтық партиясының құрылтай сьездері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен "Алға" халықтық партиясының құрылтай сьездері өтті

Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен "Алға" халықтық партиясының құрылтай сьездері өтті

АЛМАТЫ. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Өткен жексінбі күні, 10-қыркүйекте Алматыда екі құрылтай сьез өтіп, онда Қазақстанда Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен "Алға" халықтық партиясын құру жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2006
  • 785
Фото - Caravan.kz

«Алға» партиясының саяси кеңесі төралқасының төрағасы болып сайланған Асылбек Қожахметовтың бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, сьезге 1300-ден астам адам қатысқан. Сьезге қатысушылар барлық жарғылық және бағдарламалық құжаттарды қабылдап, партияның нышан-белгісін бекіткен. Сонымен бірге басқарушы орган сайланды. Сьезд аяқталғаннан кейін партиялық пікірталас өтіп, оған республика аймақтарынан келген партия мүшелері қатысты.

Сол күні жаңадан құрылған Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның да құрылтай сьезі өтті. Оған 2600 адам қатысты. Сьезде партияның саяси кеңесі мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы сайланды. Партияны Жармахан Тұяқбай басқаратын болды. Сонымен бірге сьезд барысында жаңа бірлестіктің жарғысы мен бағдарламасы бекітілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта