Өткен аптада елімізде ұнның негізгі сорттары 2,25% қымбаттап, қара бидай 0,92% арзандады - Астық өңдеушілер мен наубайшылар одағы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен аптада елімізде  ұнның негізгі сорттары 2,25% қымбаттап, қара бидай 0,92% арзандады - Астық өңдеушілер мен наубайшылар одағы

Өткен аптада елімізде ұнның негізгі сорттары 2,25% қымбаттап, қара бидай 0,92% арзандады - Астық өңдеушілер мен наубайшылар одағы

АСТАНА. 12 қыркүйек.. Өткен аптада елімізде ұнның негізгі сорттары 2,25% қымбаттап, қара бидай 0,92% арзандады. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне Қазақстанның астық өңдеушілері мен наубайшылары одағы хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2006
  • 709
Фото - Caravan.kz

Сарапшылардың атап өткеніндей, ұн тартатын кәсіпорындардың сатып алу нарығында үшінші сорттағы бидай бағасының төмендеуі тоқтады, тіпті бағаның көтерілуі байқалады. Нақтырақ айтқанда, ұйымның мәліметіне сәйкес, ҚР оның бір тоннасының орташа бағасы $108,15 млн. құрады, бұл өткен аптамен салыстырғанда 2,25% есеге көп.

Мамандардың пікірінше, астықтың сапасына деген талап (желімтік) республика аймақтарына қарай әлдеқайда күшейді, бірақ көлеміне қарай болмашы ғана төмендеді. Хабарламада көрсетілгендей «астықты сатып алатын, ұн тартатын кәсіпорындардың саны тұрақтанды, дегенмен сатып алу әлі де баяу өтіп жатыр».

Дегенмен, ұн сататын базарларда өзгеріс бар. Негізгі сортты ұнның орташа бағасы көтеріле бастаған, ол бірінші сорттағы ұнның бағасынан байқалады (1 кг -26,27 теңге, 1,55% көтерілген). Қабығы сыдырылған қара ұнның бағасы шамалы төмендеген(35,67 теңге, 0,92 % төмендеген), деп атап өтті сарапшылар. Өткен апатада кебектің құны тағы шарықтады (4,03 теңге, 2,54% қымбаттаған), ал жарма мен макаронның бағасы өзгерген жок.

Сонымен қатар, бірінші сортты ұннан пісірілген пішінді нан бағасы шамалы көтерілді (1 кг 46,21 теңге ) бұл «Зар-Замин» ЖШС шығаратын нанның осы түріне бағаның шарықтауы себеп болды. «Соған қарамастан, ҚР бойынша осы кәсіпорынның шығаратын нанының бағасы ең төмен күйінше қалып отыр»,-дейді астық өндірушілер мен наубайшылар одағының өкілдері.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта