Байқоңырға "Прогресс М-58" жүк кемесі жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға "Прогресс М-58" жүк кемесі жеткізілді

Байқоңырға "Прогресс М-58" жүк кемесі жеткізілді

БАЙҚОҢЫР. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today. Кеше Байқоңыр ғарыш айлағына "Прогресс М-58" көліктік жүк кемесі жеткізілді. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне РФ Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлаған.

  • 12 Қыркүйек 2006
  • 424
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Самара зауытынан темір жол көлігімен жеткізілген «Прогресс М-58» ғарыш аппараты 254-ші айлақтың монтаждау және сынақ корпусына қойылды. Бір тәулік бойына ғарыш аппараты контейнерлерден арнайы стендіге ауыстырылады, содан кейін ғарыш айлағының мамандары жүк тасығыш аппаратты ұшыруға әзірлейді.

Биылғы жылы екі «Прогресс» жүк тасығышын ұшыру жоспарланған, олар Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, қондырғыштар және жанармай жеткізуі тиіс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта