Семей өңірінде жаңадан ашылған мешітке ҚСРО қаржы министрі Рымбек Байсейітовтың есімі берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей өңірінде жаңадан ашылған мешітке ҚСРО қаржы министрі  Рымбек Байсейітовтың есімі берілді

Семей өңірінде жаңадан ашылған мешітке ҚСРО қаржы министрі Рымбек Байсейітовтың есімі берілді

СЕМЕЙ. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today. Семей өңіріндегі Қайнар ауылында жаңа мешіт бой көтерді, оған Қазақстанның діни басқармасының шешімімен, Қайнар ауылында туып өскен, ҚСРО тұсында қаржы министрі қызметін атқарған Рымбек Байсейітовтың есімі берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 12 Қыркүйек 2006
  • 563
Фото - Caravan.kz

Осы ауылда алғашқы мешіт тұрғызу туралы бастаманы Рымбек Байсейітовтың туыстары жұбайы Мағрипа мен балалары қолға алған. Алла үйінің салтанатты ашылу рәсіміне орай Семейдегі Абай атындағы драма театры «Үлкен жүрек» атты спектакльді көпшіліктің назарына ұсынды, онда Р. Байсейітовтың өмір жолы көрініс тапқан. Қойылымның авторы семейлік Айбек Сапышев. Бұл қойылым кезінде Рымбек Байсейітовтың бастамасымен ашылған жергілікті клуб сахнасында қойылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта