Министрліктің баспасөз қызметі Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне хабарлағанындай, ені 300 метрлік қара дақ Апшерон жағалауының солтүстігінде, жағадан 400 метр жерде байқалған. «Аталған аумақ қатаң бақылауға алынды»,-дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі, қара дақ «Каспморнефтьфлот» Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы басқармасының танкерлерінен төгілген қалдықтардан пайда болған деп есептейді. Тазалау қондырғыларымен жабдықталмаған танкерлер осы аумақтан өтеді.
Баспасөз қызметі таратқан хабарламада, «Каспморнефтьфлот» басшылығы тазартқыш қондырғыларын орнату туралы түрлі ұйымдармен келіссөз жүргізгендігі жөнінде бізді хабардар етті. Олар жуық арада осындай оқиға қайталанбас үшін, барлық кемелері тиісті тазартқыш жабдықтармен қамтамасыз етілетіндігін айтып сендірді»,- деп атап көрсетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті