Форумға қатысуға әлемнің 20-дан астам елінен ең негізді әлемдік діндер мен конфессиялардың өкілдерін, саясаткерлер мен оғам қайраткерлерін қамтитын 43 делегация келді. 160-тан астам делегат ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм сынды негізгі әлемдік және дәстүрлі діндердің атынан қатысады. Сонымен бірге шараға БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ЮНЕСКО сынды халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын құрметті қонақтар шақырылған.
Сьезге қатысушылар өркениеттер дағдарысын еңсеруге, шиеленістерді бейбіт жолмен реттеу мақсатында әлемдік діндердің күш-жігерін біріктіруді көздеп отыр. Мәселен, сьездің басты тақырыбы — «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» тақырыбы аясында арнаулы екі тақырыптық блок : «Діни сенім-наным еркіндігі және басқа дін өкілдерін құрметтеу» және «Халықаралық қауіпсіздікт інығайтудағы дін жетекшілерінің ролі» тақырыптары бойынша пікір алмасылады.
Президент әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сьезге ислам атынан Мысыр, Үндістан, Иран, Сауд Арабиясы мен Пәкістан өкілдері келді. Олардың құрамында Бүкіләлемдік ислам лигасының бас хатшысы Абдулла бен Абдель Мухсин Ат-Турки, Аль-Ахзар университетінің Бас имамы Мұхаммед Тантауи, Үндістан улемдер кеңесінің төрағасы Маулан Мухаммед Раби Надви бар.
Христиандық конфессиялардан Рим католик, Англикан, Орыс православиелік, Константинополь православиелік шіркеулері мен Бүкіләлемдік лютеран федерациясы сьезге қатысатынын растады. Сондай-ақ, сьезге Қытай, Монғолия және Оңтүстік Кореядан үш буддистік делегациялар қатысады. Сьездің құрметті қонақтары ретінде танымал саясаткерлер мен дін қайраткерлері шақырылған.
Сьезд шеңберінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік діндердің жетекшілерімен және құрметті қонақтармен жүздеседі.
Сьезд екі күнге созылады. Шараның қорытындысы бойынша біртұтас қорытынды құжат қабылдау көзделген.
Сьезд жұмысыанн ақпарат тарату үшін 400-ден астам журналист аккредитацияланған. Бұл күндері Астанада 1696 полиция қызметкері құқық пен тәртіпті қамтамасыз ететін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті