«Құрметті отандастар! Біз, Қазақстандағы діни конфессиялардың жетекшілері сіздерді елімізде діни негізде азаматтық қақтығыстар мен шиеленіс ошақтарының пайда болмауы үшін тікелей үлес қосуға шақырамыз»,- делінген бүгін ресми БАҚ-тарда жарияланған мәлімдемеде.
«Әлемдік қауымдастық аясында еліміз дінаралық және конфессияаралық төзімділіктің бірегей үлгі-өнегесі деп мойындалған»,- дейді дін жетекшілері. «Алайда, қазіргі таңда әлемнің көп қырлылығы артып, күрделілене түсті. Халықаралық экстремизм және лаңкестік сынды қазіргі заманғы қауіп-қатерлердің алдында оның осалдығы арта түсті. Аталмыш зұлматтар өзінің шынайы мақсат-мұратын жаратушы бізге сенім-наным тағлымдары аясында жоғарыдан сыйлаған қастерлі құндылықтарымызды бетперде етіп ұстайды»,- делінген мәтінде.
«Әлем күрделі қайшылықтардың қайраңына бата бастаған қазіргі күрделі әрі қиын уақытта діни айырмашылықтарымызды саяси мақсатта пайдаланып кетуге жол бермеу үшін, рухани әлеует пен адамгершілікті асқақтата ардақтау негізінде, барша халықтардың мәдени және ұлттық дәстүрлерін құрметтеу негізінде қоғамның бірлігін сақтап қалу үшін күш біріктіру қажет»,- делінген құжатта. «Бұл біздің Жаратушы алдындағы, ата-бабаларымыздың алдындағы қасиетті парызымыз, ол біздің балаларымыз бен немере-шөберелеріміздің соғыс және мұқтаждық деген кесапаттарды атымен білмей, басқа халықтармен бейбіт қатар келісіммен өмір сүруінің кепілі»,- делінген мәлімдемеде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті