Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры қызметінен босатылды

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры қызметінен босатылды

ШЫМКЕНТ. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова отставкаға кетті. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2006
  • 497
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің тартқан хабарламасында, «облыс әкімінің нұсқауы бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Н.Тасмағамбетова өз еркімен қызметінен босатылды», делінген.

Сондай ақ , департамент өкілдері Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне директордың бірінші орынбасары Рахима Қуандықованың да отставкаға кеткені туралы хабарлады. Департамент басшысының қызметін уақытша директордың орынбасары Талғарбек Мейірханов атқаратын болады.

Осыған дейін хабарланғандай, «ВИЧ індеті» диагнозы оңтүстік қазақстандық 49 балада расталды. Тұспал бойынша, балалар қатерлі дертті қан құю кезінде және құрамында қан бар препараттардан жұқтырған. Алайда, әзірге нақты себебі белгісіз. Сәл бұрын денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев бүлдіршіндердің кесел жұқтырғанына бірінші кезекте облыстық денсаулық сақтау мекемесі жауап беруі тиіс, деп мәлімдеген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта