Республика қалаларында тәуелсіздіктің 15-жылдығына орай Қазақстанның әнұраны бір уақытта орындалатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика қалаларында тәуелсіздіктің 15-жылдығына орай Қазақстанның әнұраны бір уақытта орындалатын болады

Республика қалаларында тәуелсіздіктің 15-жылдығына орай Қазақстанның әнұраны бір уақытта орындалатын болады

АЛМАТЫ. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Тәуелсіздіктің 15-жылдығына орай Қазақстанның 21 қаласының орталық алаңдары мен стадиондарында 15-қыркүйекте Астана уақытымен 18 сағат 30 минутта 200-мыңдай жастар Қазақстанның әнұранын бір уақытта орындайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қазақстан студенттерінің альянсына сілтеме жасап.

  • 12 Қыркүйек 2006
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Бұл біздің әнұран!» атты республикалық патриоттық шараны Қазақстан студенттерінің альянсы ҚР білім және ғылым министрлігі, мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан жастарының конгрессі, облыстар, Алматы және Астана қалаларының әкімшіліктері, «Жасыл ел», «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламалары мен «Билайн» ұялы байланыс компанияларының қолдауымен ұйымдастырмақшы.

«Шара Қазақстанның мемлекеттік нышандарына деген құрметті қалыптастыруға және жастар арасында отансүйгіштікті дамытуға бағытталады»,- дейді Қазақстан студенттерінің альянсының жетекшісі А.Жүнісбаев.

Бұл шара 2005-жылы «Бұл біздің жалау!» атты шарамен басталған жалпы «Бұл біздің Қазақстан» тақырыбына арналған патриоттық науқанның екінші кезеңі болмақ. 150 мыңдай жастар қатысқан былтырғы шара аясында тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздің ең үлкен жалауы еліміздің барлық қалаларының көшелерін аралап шықты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта