Оралда қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Оралда қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Орал. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today. Оралда қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметті Нәсіпқали Иманғалиұлы атқаратын болады. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2006
  • 537
Фото - Caravan.kz

Н. Иманғалиұлы өнеркәсіп және құрылыс мәселелеріне жетекшілік етеді.

Қала әкімінің жаңа орынбасары 47 жаста, жоғары білімді, зооинженер. Еңбек жолын зоотехник селекционер мамандығынан бастаған. Әр жылдары Қазтал ауданында түрлі басшылық қызметтерінде істеген , оның ішінде аудан әкімі болып істеді. 2002 -2006 жылдар аралығында Н.Иманғалиұлы Жәнібек ауданының әкімі болды. Оның соңғы қызметі -тариф жөніндегі облыстық басқарма бастығы.

Осыған дейін құрылыс және өнеркәсіп мәселелерімен Тимур Қарағойшин шұғылданған. Ол, қаладағы жалғыз скверді «Адал-Арна» фирмасына тұрғын үй және кеңсе ғимараттары кешенін салып сатуға байланысты туындаған жанжалдан кейін Орал әкімінің орынбасары қызметінен босатылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта