Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезі аясында бірқатар екі жақты кездесулер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезі аясында бірқатар екі жақты кездесулер өткізді

Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезі аясында бірқатар екі жақты кездесулер өткізді

АСТАНА. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Елордасындағы сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезі аясында бірқатар екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Қыркүйек 2006
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Барлық діндер әрқашан лаңкестікке қарсы тұрған. Бүгін де осынау сьезге қатысу арқылы біз бұны қайта бір растап, баршаңызды бейбітшілікке шақырамыз»,- деді Қазақстан мемлекет басшысымен кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында Бас имам, шейх шейх Аль-Азхара Мухуммад Саид Тантауи (Мысыр).

«Қауіпсіздік — мемлекеттің ісі. Ол шіркеудің миссиясына жатпайды. Бірақ шіркеудің миссиясы — ол — бейбітшілік, келісім мен бауырмалдық. Ал бұлар кез-келген мемлекеттегі ең жоғары құндылықтар»,- деді Минск және Слуцк митрополиті, Беларусь елінің Экзарх патриархы Филарет журналистермен кездесуде. «Мен бүгін Астанада болып жатқан оқиғаларға, елде қарқын алған құрылыстарға, соның ішінде дінаралық қарым-қатынас ахуалына да таңданысымды білдіремін. Бұл президент Назарбаевтың бейбітшіліксүйгіш саясатының жемісі»,- деді ол.

«Бейбітшілікті сақтау үшін тараптар жаппай жұмылуға тиіс. Оған дін және саяси қайраткерлер де кіреді»,- деді Малайзияның бұрынғы үкімет басшысы Мохатхир Мұхаммед.

«Бейбітшілік пен сенімділік орнату үшін дінаралық диалогтың маңызы зор. Біз бір-бірімізді құрметтуге және сүюге тиіспіз»,- деді Константинополь православиелік шіркеуінің патриархы Варфоломей І (Түркия).

Бүгін мемлекет басшысы сьезге қатысушылармен тағы да бірқатар екі жақты кездесулер өткізеді деп күтілуде. Президент әкімшілігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, форум жұмысы аясында Н.Назарбаев 30-дай екі жақты кездесу өткізеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта