Қазақстанда "Дала қыраны-2006" оқу-жаттығулары өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда  "Дала қыраны-2006" оқу-жаттығулары өткізілуде

Қазақстанда "Дала қыраны-2006" оқу-жаттығулары өткізілуде

АСТАНА. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанда "Дала қыраны-2006" атты халықаралық антитеррорлық оқу-жаттығулары өткізілуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2006
  • 434
Фото - Caravan.kz

Оқу-жаттығуларға 500-ден астам әскери қатысуда. «Оқу-жаттығулар басқарушы органдардың заңсыз қарулы құрылымдарды жоюға бағытталған арнаулы жауынгерлік операцияларды жоспарлау, ұйымдастыру мен оларды өткізу тәртібіне қатысты біртұтас көзқарас қалыптастыруына, колициялық күштердің құрылымдарының таулы-далалы жерлердегі жауынгерлік машық-дағдысын арттыруға мүмкіндік береді»,- деп хабарлайды министрлік.

Оқу-жаттығуларды Солтүстік Атлантикалық Альянстың Кавказ және Орталық Азия жөніндегі бас хатшысының арнаулы өкілі Роберт Симмонс, 42-бригаданың командирі Джонатан Дж. Пау мен АҚШ Орталық қолбасшылығы басшысының орынбасары С.Уиткомб тамашалайды деп күтілуде. Оқу-жаттығулар 22-қыркүйекте аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта