Астанада ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының ақпараттық қызметтері жетекшілерінің бас қосуы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының ақпараттық қызметтері жетекшілерінің бас қосуы өтеді

Астанада ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының ақпараттық қызметтері жетекшілерінің бас қосуы өтеді

АСТАНА. 11-қазан. Kazakhstan Today. Астанада 18-19-қазанда ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының ақпараттық қызметтері жетекшілерінің бас қосуы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнаулы есеп комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Қазан 2006
  • 462
Фото - Caravan.kz

Форум тақырыбы — «Трансұлттық қылмыс пен лаңкестікке қарсы кешенді ақпаратпен күрестің қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты пәрмендендіру».

Бас қосуға ТМД елдерінің прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, қаржы полициясы, кедендік бақылау органдарының ақпараттық қызметтерінің жетекшілері, ұйымдасқан қылмыспен күресті үйлестіру бюросы, ТМД-ға қатысушы елдердің антитеррорлық орталығы, ТМД елдері Бас прокурорларының үйлестіру кеңесі секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

«Мұндай бас қосуды өткізу трансшекаралық лаңкестікке, ұйымдасқан қылмыс түрлеріне, есірткіге қатысты қылмыстарға, қару-жарақ пен оқ-дәрі сату және адам трафигіне қарсы тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық ықпалдастық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді»,- дейді шараны ұйымдастырушы ҚР Бас прокуратурасындағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта