«Еуропалық Одаққа төрағалық жасаушы ел ретінде біз Еуропалық Одақ тарапынан Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас аясын кеңейту мен оны тереңдете түсуге үлкен мүдделілік бар екенін атап өткіміз келеді. Финляндия мен Еуропалық Одақ Қазақстанда экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы мен республиканың Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуін қолдайды. Әрине, Еуропалық Одақ үшін елде демократияның дамуы, тұрақтылықтың сақталуы , ашықтық пен заңның үстемдігі орнауының маңызы зор»,- деді елші.
Мария-Луиза Кулхиненнің айтуынша, қазір Финляндия мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық және басқа да салаларда екі жақты қарым-қатынас дамып келеді. «Екі жақты қарым-қатынастың жаңаша сатысына көтерілдік дей аламыз»,- деді ол.
«Кейінгі жылдары сауда айналымының көрсеткіштері біршама артты. Біз қазір сауда айналымында тепе-теңдікке қол жеткіздік. Бірақ бұл осы деңгейде тоқтап қалуды білдірмейді, жетілдіре түсетін тұстар әрқашан да көп»,- деп атап өткен елші «Финляндиядан Қазақстанға салынған инвестиция көлемі мардымсыз күйінде қалып отыр», деді.
Таяу уақыттарда байланысты одан әрі тереңдету көзделген. «Мәселен, Финляндияның энергетика министрі Еуропалық Одаққа мүше елдердің және Каспий аймағы елдерінің энергетика министрлері деңгейіндегі Баку бастамасы аясындағы кездесуге қатысады. Бұған қоса экономика және сыртқы сауда министрінің орынбасары Қазақстанға келмекші. Бұл сапар уақытын табады деп сенеміз. Өйткені осы мерзімде біз инвестицияларды қорғау жөніндегі келісімге және қосарланған салықты болдырмау жөніндегі келісімге қатысты жұмыстарды аяқтаймыз деп сенеміз»,- деді ол.
«Ынтымақтастықтың маңызы зор салаларға табиғи ресурстарды басқару, көлік бағыттарын дамыту және энергетика салалары жатады»,- деді елші ханым. «Еуропалық Одақ энергетика көздлерін сатып алу бағыттарын әртараптандырудан мүдделі. Сол себепті осы өңірмен ынтымақтастықтың маңызы зор. Осы саладағы өзара түсіністік жөнінде келіссөздер жүргізілді. Алдағы кездесуде осы жөніндегі меморандумға қол қойылады деген үміт бар»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті