Қазақстанда ВИЧ/СПИД-ке қарсы әрекет ету туралы бес жылдық бағдарламаның жобасы үкіметке қараша айында ұсынылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ВИЧ/СПИД-ке қарсы әрекет ету  туралы бес жылдық бағдарламаның жобасы үкіметке қараша  айында ұсынылады

Қазақстанда ВИЧ/СПИД-ке қарсы әрекет ету туралы бес жылдық бағдарламаның жобасы үкіметке қараша айында ұсынылады

АСТАНА. 11 қазан . Kazakhstan Today. 2006-2010 жылдарға арналған Қазақстанда ВИЧ/СПИД ке қарсы әрекет ету бағдарламасының жобасы үкіметке қараша айында ұсынылатын болады, деп хабарлады Астанада өткен отырыста денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой.

  • 11 Қазан 2006
  • 692
Фото - Caravan.kz

«2006-2010 жылдарға арналған Қазақстанда СПИД індетіне қарсы әрекет ету бағдарламасының жобасын халықаралық сарапшылармен талқылау жұмысы жалғасуда, ол 20 қарашаға қарсы аяқталып ,үкіметке ұсынылады»,-деп атап өтті А.Дерновой.

Министрдің ақпаратына сәйкес, бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында шамамен 6,5 млрд. теңге бөлінеді, «оның ішінде аталған соманың 50% халықаралық ұйымдардың қаражаты» .

Айта кетейік, 2001-2005 жылдарға арналған ВИЧ/СПИД-пен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы осыған дейін Ғаламдық қордан қаржыландырылған. Мемлекеттің шығыны 20-25% құрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта