Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі газ транзитін реттеу қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі  агенттігі газ транзитін реттеу қажет деп санайды

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі газ транзитін реттеу қажет деп санайды

АСТАНА. 16-қазан. Kazakhstan Today. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі газ транзитін реттеу қажет деп санайды. Бұл туралы ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев бүгін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Қазан 2006
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Біз газ транзитін реттеу қажет деп санаймыз және осы мәселе бойынша қазір талқылаулар жүргізілуде. Алайда, «ҚазМұнайГаз» бен энергетика және минералды ресурстар министрлігі бөлекше пікірде. Біз бұл мәселені үкіметте бірнеше мәрте талқыладық. Алайда әзірге түпкілікті шешім шығарылған жоқ»,- деп мәлімдеді Б.Сағынтаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті