Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
«Кездесудің басты мақсаты — мемлекет басшыларының кеңесі отырысының күн тәртібін дәйектеу»,- деді Е.Ашықбаев. Е.Ашықбаевтың айтуынша, «мемлекет басшыларының кеңесінің осының алдындағы отырысында Қазақстан жағы екі маңызды мәселені қарау жөнінде ұсыныс енгізген. Біріншісі — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілде айында Мәскеуде өткен ТМД-ның бейресми саммиті барысында ұсынған ТМД-ны реформалау бағдарламасының жобасы мен осы құжаттан туындайтын ТМД-ның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар болмақ. Ал екінші бір шешуші мәселе — көші-қон саласында келісілген саясат жүргізу»,- деді ол.
Қазақстан жағының пікірінше, «ТМД аясындағы ынтымақтастықты дамытуда басымдық бес бағытта шоғырлануға тиіс». «Бұл — келісілген көші-қон саясаты, біртұтас транспорттық коммуникацияларды дамыту саласындағы ынтымақтастық, ғылым және білім саласындағы интеграция, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, трансшекаралық қылмыспен күрес»,- деді Е.Ашықбаев.
СІМ өкілінің айтуынша, «аталған бағыттар негізгі екі критерийге сай келеді: ТМД елдерінің басым көпшілігі үшін тартымды әрі перспективалы және тәжірибелік жағынан маңызды».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті