Қырғызстанда қалалық кеңестің депутатын атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда қалалық кеңестің депутатын атып өлтірді

Қырғызстанда қалалық кеңестің депутатын атып өлтірді

БІШКЕК. 16-қазан. Kazakhstan Today. Қырғызстанның Ош қаласында қалалық кеңестің депутаты, өзбек мәдени орталығының төрағасы Айбек Әлімжановты атып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне ош облыстық ІІБ хабарлады.

  • 16 Қазан 2006
  • 385
Фото - Caravan.kz

Құқық қорғау мекемелерінің ақпаратына сәйкес, А.Әлімжанов кеше кешкісін кісі қолынан қаза тапқан. Ош қаласындағы бір кафеде отырған жерінде оған таяп келген белгісіз бір адам оны тура алдан атып жіберген. Депутат жарақат салдарынан дәрігерлер жетіп үлгермей қаза тапты. Оқиға орнынан 9 мм-лік оқ сауыты табылды. Оперативтік қызметкерлердің пайымдауынша, беймәлім қылмыскер дыбыс тұншықтрығышы бар Макаров тапаншасынан атқан.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғаушылардың жорамалына сәйкес, депутаттың өлімі оның коммерциялық қызметіне байланысты болуы мүмкін.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта