«Мәселе ауыл тұрғындарына ең болмағанда бір жыл уақыт берілуі жөнінде болып отыр»,-дейді В. Литовченко. Оның сөзіне қарағанда, облыс әкімдігі мен үкіметке жолданатын тиісті құжаттар әзірлеп жатқан арнайы жұмыс комиссиясы құрылған.
Жалпы алғанда, ақтөбелік егіншілер облыстық және республикалық бюджетке 1,3 млрд.теңге қарыз. Бұл қаражат көктемгі егін жұмыстарын жүргізу мақсатында берілген болатын. «Осы соманың 558 млн. теңгесі республикалық бюджет алдындағы берешек, қалғаны облыс бюджетіне тиесілі»,-деп атап өтті В.Литовченко.
Айта кетейік, осы көктемде Ақтөбе облысында 750 мың гектар жерге дақыл себілді, алайда күтпеген қуаңшылықтың кесірінен астықтың үштен бірі жарамсыз болды. Әсіресе, Темір, Алға, Қобда аудандарының егіншілері қатты зардап шекті. Облыс бойынша орташа өнімділік бір гектар жерден 3,3 центнерді құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті