Мәселен, 16-қазанда Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 171-шақырымында «Volvo» автокөлігінің жүргізушісі «Volkswagen» автокөлігімен соғысты. Жол апаты салдарынан «Volkswagen» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.
Алматы облысында сондай-ақ Алматы-Өскемен тас жолының 344-шақырымында «Mazda-626» автокөлігінің жүргізушісі «ЗиЛ-130» көлігімен соғысты. Апат салдарынан «Mazda-626» автокөлігінің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында опат болды.
Сондай-ақ, Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 126-шақырымында «Mercedes» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырып, екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті