Мекеме ақпаратына сәйкес, төтенше жағдай Қарағанды облысында Теміртаудан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде болған. 16-қазанда 17 сағат 50 минутта «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының учаскесінде мұнай төгілді. 20 сағат 17 минутта апат болған учаске желілік тиектермен жабылып, мұнайдың ағуы тоқтатылды.
Қазір «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 20 адамы мен 6 техникасы құбырды қалпына келтіру, төгілген мұнай мен ластанған топырақты пайдалы жарату жұмыстарын жүргізуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті