Футболдан Қазақстан құрамасы Португалиямен кездесуге дайындық үстінде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан Қазақстан құрамасы Португалиямен кездесуге дайындық үстінде

Футболдан Қазақстан құрамасы Португалиямен кездесуге дайындық үстінде

АЛМАТЫ. 7-қараша. Kazakhstan Today. Өткен жексенбіде еліміздің ұлттық футбол құрамасы EURO-2008 матчының іріктеу турниріне қатысу үшін дайындықты бастап кетті. Қарашаның 15-інде Португалияның Коимбра қаласында өтетін матчта ұлттық құрама осы елдің командасымен кездеседі,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіне Қазақстан Футбол одағының баспасөз қызметі.

  • 7 Қараша 2006
  • 654
Фото - Caravan.kz

Біздің футболшылар қарашаның 8-нен 9-не қараған түні Португалияға ұшып барып, Эспиньо қаласында дайындық өткізеді. Команданың бас бапкері Арно Пайперс оқу-жаттығу жиынына бір топ белгілі ойыншыларды шақырды. Қақпашылардан: «Астана» клубынан Давид Лория мен Александр Мокин, ал Ақтөбеден Жасұлан Дехканов; қорғаушылардан астаналық Егор Азовский, Александр Кучма, Максим Жалмагамбетов, тобылдық Александр Фамильцев, Қайрат-Алматы клубынан Самат Смаков пен Ордабасылық Мұхтар Мұхтаров. Сонымен қатар, матчқа қатысуға жартылай қорғаушылар — Кайрат Утабаев («Кайрат-Алматы КТЖ»), Андрей Карпович («Кайрат-Алматы КТЖ»), Андрей Травин («Алма-Ата»), Никита Хохлов («Астана»), Эдуард Сергиенко («Астана»), Сергей Ларин («Алма-Ата»), Руслан Балтиев («Москва»), Қайрат Әшірбеков («Актөбе»), Пиралы Алиев («Астана») и шабуылшылар — Мурат Тілешев («Астана»), Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл»), Максим Азовский («Астана»), Дмитрий Бяков («Астана»), Мұрат Суймагамбетов («Ордабасы»), Андрей Финонченко («Шахтер») и Вячеслав Нұрмагамбетовтар («Тобыл») дайындалуда.ҚФО баспасөз қызметінің мәліметтерінше, «Шахтер» командасының қақпашысы Юрий Новиков шақырылғанмен, денсаулығына байланысты келмейтін болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера