Байқоңырда малайзияның жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда малайзияның жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі аяқталды

Байқоңырда малайзияның жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі аяқталды

БАЙҚОҢЫР. 21-қараша. Kazakhstan Today. Байқоңырда Малайзияның "Binariang Satellite Systems Sdn. Bhd." спутниктік байланыс операторына арналған "Measat-3" ғарыштық аппаратын жер орбитасына шығаратын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 21 Қараша 2006
  • 486
Фото - Caravan.kz

«MeaSat-3» ғарыштық аппаратына алып ұшатын «Бриз-М» үдеткіш блогын дайындау жұмыстары 92А-50 монтаж-сынақ корпусында басталды. Бұл «Протон-М» зымыран-тасығышы, «MeaSat-3» ғарыштық аппараты мен «Бриз-М» үдеткіш блогын ұшыруға дайындаудың ақырғы кезеңі», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «MeaSat-3» ғарыштық аппаратын «Boeing» компаниясы Малайзияның «Binariang Satellite Systems Sdn. Bhd.» спутниктік байланыс операторына арнап жасаған.

«MeaSat-3» телекоммуникациялық жер серігі Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Азия және Австралия тұтынушыларына қызмет көрсетуге арналған.

«Measat-3» ғарыштық аппаратын жер орбитасына шығаратын «Протон-М» зымыран тасығышы мен «Бриз-М» үдеткіш блогы 12-желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағының 200-алаңынан ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта