Концессияға берілетін республикалық меншік нысандарының тізімі үкіметке таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Концессияға берілетін республикалық меншік нысандарының тізімі үкіметке таныстырылды

Концессияға берілетін республикалық меншік нысандарының тізімі үкіметке таныстырылды

АСТАНА. 21-қараша. Kazakhstan Today. Орта мерзімді перспективада концессияға берілетін республикалық меншік нысандарының тізімі үкіметке таныстырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметке сілтеме жасап.

  • 21 Қараша 2006
  • 578
Фото - Caravan.kz

Мәселен, тізімге Ақтау теңіз айлағы мен бірқатар темір және автожол учаскелері енген. Сонымен бірге концессия жөніндегі комиссияның отырысына төрағалық жасаған үкімет басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, мемлекеттік меншіктегі нысан — «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ көлік-логистикалық орталыққа айналуға тиіс.

Кездесуде атап көрсетілгеніндей, стратегиялық маңызы бар нысандар концессияға берілмейді. Атап айтсақ, қуаты 220 кВ-тан жоғары мемлекетаралық және аймақаралық маңызы бар электр жалғастыру желілері мен подстанциялар, қуаты 50 мың кВт-тан жоғары су электр станциялары, су-, жылу — және электр қамтамасыздығы нысандары, республиканың біріккен электр энергетикасы жүйесінің орталық диспетчерлік басқармасы, магистральдық темір жол желісі, сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелер.

Ұсыныстармен танысқан комиссия нысандардың тізімін бекітті.

Үкімет басшысы министрліктерге концессияға беру туралы ұсыныс жасалған нысандар бойынша нақты іс-шаралар жоспарын дайындауды тапсырды.

Сонымен бірге әділет министрлігіне басқа да мүдделі мекемелермен бірлесіп бір айдың ішінде «Концессия туралы» және «Концессиялар мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдардың жобасын жасауды аяқтау міндеттелді. «Бұл заңдар тікелей әсер етуші заңдар болуға тиіс»,- деді Д.Ахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта