Қарағанды облысында мектеп оқушыларын оқу кезінде ауыл шаруашылығы жұмыстарына жұмылдырған - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында мектеп оқушыларын оқу кезінде ауыл шаруашылығы жұмыстарына жұмылдырған - прокуратура

Қарағанды облысында мектеп оқушыларын оқу кезінде ауыл шаруашылығы жұмыстарына жұмылдырған - прокуратура

ҚАРАҒАНДЫ. 22 қараша. Kazakhstan Today. Қарағанды облысы Абай ауданы Көксу ауылында орта мектеп оқушыларын оқу кезінде ауыл шаруашылығы жұмыстарына шығарған. Заң бұзушылықты Абай ауданының прокуратурасы тексеру барысында анықтады.

  • 22 Қараша 2006
  • 518
Фото - Caravan.kz

Абай ауданы прокурорының аға көмекшісі Рахиля Әбуованың айтуынша, «Нариман» шаруа қожалығы оқу процессі кезінде картоп жинауға Көксу орта мектебінің 7-11 сынып оқушыларын тартқан.

Оқушылар 15 қыркүйектен бастап жұмыс істеген. «Көбінесе оқушыларды картоп жинауға соңғы сабақтан кейін босатқан», дейді ол. Осылайша балалар алгебра, неміс тілі, тарих, әдебиет, дене шынықтыру, еңбек және басқада пәндер бойынша сабаққа қатыспаған.

Тексеру кезінде еңбек заңының кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты бөлімінің бұзылғаны белгілі болды. » Алқапта жұмыс істеуге он төрт жасқа толмаған жеткіншектер жұмылдырылған, бұл кәмелеттік жасқа толмаған оқушының құқығын бұзушылық»,-деп атап өтті Р. Әбуова.

Аудан прокурорының ұсынысы бойынша Көксу орта мектебінің директоры мен алты мұғалімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта