«Ауа райы бұдан кейінде суытатын болса, халықаралық және қалааралық жолаушы көліктерінің жолдары уақытша жабылады», деп хабарлады ТЖД.
Облыстық ауа райын болжау орталығының мәліметтеріне сүйенсек, аса қауіпті жағдай аймақтың солтүстік жағында байқалады. Ресеймен шекаралас жатқан бірқатар ауылдарда Железинск және Успенск аудандарында нормадан екі есе қалың қар түскен-күртік қардың биіктігі 15 сантиметрге жеткен. Кей жерлерде ештеңе көрінбейді, қатты көктайғақ.
Облыстың солтүстігінде жатқан Жезелинск ауданы әкімінің айтуынша, Павлодар-Омск халықаралық тас жолын тазалауға 5 арнаулы техника жұмылдырылған.
Синоптиктердің болжауынша, жақын күндері облыста ауа температурасы 15-20 градусқа дейін, кей жерлерде 25 градусқа дейін күрт төмендейді. Оған қоса, синоптиктер қар жауып, боран тұрып, секундына 15-20 метрге дейін қатты жел тұруы мүмкін дейді. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетуі ықтимал. «Ауа райының мұнша өзгеруіне Арктикалық суық ауаның енуі себеп»,-дейді синоптиктер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті