Жамбыл облысында пара алған полиция қызметкері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында пара алған полиция қызметкері ұсталды

Жамбыл облысында пара алған полиция қызметкері ұсталды

ТАРАЗ. 22 қараша . Kazakhstan Today. Жамбыл облысында бір аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі 60 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық экономикалық қылмыс және жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

  • 22 Қараша 2006
  • 359
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 10 қараша күні қаржы полициясына «бір азамат аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі ағасын қылмыстық жауапкершіліктен аман алып қалу үшін $2 мың көлемінде пара талап еткені туралы шағым түсірген».

13 қараша күні парақорды қолға түсіру кезінде тергеуші қызмет ететін аудандық бөлім қызметкерлері тарапынан қаржы полициясының шұғыл тергеу тобына қарсылық көрсетілген. Күдікті оқиға орнынан жасырынып үлгерді. Алайда, бірнеше күннен кейін, АІІБ тергеушісі тұтқындалды. Оған ҚР ҚК 311 бабына сәйкес (бопсалау арқылы пара алу) айып тағылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта