Қазақстан президенті Ұлыбританияда ханшайым ІІ Елизаветамен және премьер-министр Т. Блэрмен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Ұлыбританияда ханшайым ІІ Елизаветамен және   премьер-министр Т. Блэрмен кездесті

Қазақстан президенті Ұлыбританияда ханшайым ІІ Елизаветамен және премьер-министр Т. Блэрмен кездесті

АСТАНА. 22-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы президентінің Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі ресми сапары жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Қараша 2006
  • 1035
Фото - Caravan.kz

Қазақстан президенті кеше Букингем сарайында Ұлыбритания ханшайымы ІІ Елизаветамен кездесті.

Сонымен қатар, Қазақстан президенті Ұлыбритания премьер-министрі Т. Блэрмен кездесті.

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастың және халықаралық саясаттың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Кездесу кезінде тараптар сауда-экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастықтың жоғары дәрежесін және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін атап көрсетті.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев пен Ұлыбритания премьер-министрі Т. Блэрдің бірлескен баспасөз мәслихаты өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев күннің екінші жартысында Ұлыбритания қаржы министрі Гордон Браунмен кездесті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті