Қазақстан президенті шулы фильмге түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті шулы фильмге түсініктеме берді

Қазақстан президенті шулы фильмге түсініктеме берді

АЛМАТЫ. 22-қараша. Kazakhstan Today. Ресми сапармен Ұлыбританияда жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің шулы комигі Саша Коэннің "Борат. Қазақстанның атақты ұлтының даңқы үшін Американы мәдени тану" деп аталатын фильміне түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі батыс БАҚ-тарына сілтеме жасап.

  • 22 Қараша 2006
  • 460
Фото - Caravan.kz

«Фильмді көрген адамға Коэн мырзаның Қазақстанда болмағаны бірден байқалады. Фильмнің өзі бір кедей румын ауылында түсірілген. Қазақтардың ролін кедей цыгандар, ал мастарды американдық студенттер бейнелеген»,- деді мемлекет басшысы Лондонда өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда мемлекет басшысы: «мүмкін журналист Борат Сагдиев осы залда отырған шығар? Мен онымен тіл қатыссам деп едім», деп әзілдеді.

Сонымен бірге Н.Назарбаев Қазақстан туралы ой түйіндеу үшін оның нақты жетістіктеріне көз жеткізу керек, деп атап өтті. «Біздің біраз істер тындырғанымызға (еліміз туралы оң пікір қалыптастыру үшін — Kazakhstan Today ескертпесі) қарамастан, Қазақстан туралы Еуропада аз білетіні бізді бізді расында да алаңдатады»,- деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта