Парламент "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясын құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Бухгалтерлік есеп  және қаржылық есеп беру туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясын құрды

Парламент "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясын құрды

АСТАНА. 22-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан парламенті "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясын құрды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Қараша 2006
  • 1385
Фото - Caravan.kz

«Сенат тарапынан 45 түзету енгізілді. 18 түзетуге қатысты келіспеушілікті еңсеру үшін келісім комиссиясын құру ұсынылып отыр», деді бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұртай Сәбильянов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бухгалтерлік есеп туралы заң жобасында «бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді реттеудің қазіргі жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістер енгізіледі. Ондағы мақсат — бухгалтерлік есеп саласына өзін-өзі реттеу элементтерін енгізу және саланы ретке келтіру.

Атап айтсақ, заң жобасының нормаларында қаржылық есеп беру стандарттарына міндетті түрде қолданылатын құқықтық-нормативтік акт мәртебесін беру қарастырылған. Сонымен бірге заң жобасында республика заңнамаларының қаржылық есеп беру жөніндегі халықаралық стандарттар талабына қайшылығы бар-жоқтығына алдын-ала талдау жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесіне консультативтік орган қамтылмақшы. Оның құрамына мүдделі мемлекеттік мекемелердің, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру саласындағы кәсіби ұйымдар мен аудит мамандары енеді. Консультативтік органға бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру саласындағы құқықтық-нормативтік актілердің жобасын жасауға атсалысу құқығы беріледі.

Сонымен бірге «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру салалары бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қосалқы заң жобасы да келісім комиссиясына жолданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта