Парламент Азаматтық кодекске енгізілетін түзетулерге қатысты келісім комиссиясын құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Азаматтық кодекске енгізілетін түзетулерге қатысты келісім комиссиясын құрды

Парламент Азаматтық кодекске енгізілетін түзетулерге қатысты келісім комиссиясын құрды

АСТАНА. 22-қараша. Kazakhstan Today. Парламент "Азаматтық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның жобасына қатысты келісім комиссиясын құрды ,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Қараша 2006
  • 481
Фото - Caravan.kz

«Өзгерістер мен толықтырулар заң жобасындағы тұжырымдамалық ережелерді өзгертпейді. Дегенмен, сенаттың заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеті бірқатар өзгерістермен келіспейді»,-деп түсіндірді мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев келісім комиссиясының құрылу себебін.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жетілдіруге, азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыруға, кәсіпкерлік қызмет пен бәсекелі ортаны дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталады.

Атап айтсақ, бірқатар түзетулер «кодекстің жекелеген нормалары арасындағы ішкі қарама-қайшылықтарды жоюға, оның жекелеген ережелерінің егжей-тегжейін ашу және редакциясын жаңалауға, сондай-ақ, Азаматтық кодексті еліміздің басқа да заңнамалық актілерінің ережелерімен (Салық және Бюджеттік кодекс т.б.) сәйкестендіру үшін» енгізіліп отыр.

Енгізілетін өзгертулердің көмегімен «шаруа қожалығы және фермерлік шаруашылық» ұғымдарына айқын анықтамалар берілген. «Өйткені, аталмыш азаматтық қарым-қатынас субьектілері арасында түрлі құқықтық режим қалыптасқан және шаруашылық мүшелерінің мүлікті бірлесе меншіктену жайын анықтауға қатысты біршама айырмашылықтар бар». Сонымен бірге заң жобасы арқылы «ақшалай міндеттеме» атты ұғым енгізіледі.

Бұған қоса мұрагерлік құқыққа қатысты нормаларға да түзетулер топтамасы енгізіліп отыр. Атап айтсақ, мұрагер болуға лайық емес мұрагерлердің мұра иемденуіне жол бермеу шарттарын реттейтін және мұрагерлердің мұраға қалған мүліктен алатын үлесін айқындайтын кодекс ережелеріне қосымшалар енгізілмек. Мұрагерлік қабылдау және оны қабылдаудан бас тарту құқығына көшуге қатысты шарттар мейлінше нақты реттеледі. Сонымен бірге мұрагерлердің мұрагерлік құқықты қабылдау тәсілдері мен мерзімін айқындау мәселелерін реттейтін жаңа баптар енгізілмекші.

Сенат өз түзетулерімен мұра қалдырушының ерік білдіру құқығының бұзылуына жол бермеу үшін «өсиетхатты жазған сәтте ақыл-есі толық бүтін, әрекет ету қабілетіне ие азамат қана өсиетнама қалдыра алатын болады» деген норма енгізді.

Сонымен бірге жеке кәсіпкер банкрот деп танылған жағдайда кредиторлардың талабын қанағаттандыру кезегін белгілейтін ереже заңнама нормаларымен сәйкестендірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта